ҚАРАҒАНДЫДА ДІНИ ОҢАЛТУ БӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Естеріңізге сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын, наурыз айында Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Діни оңалту» бөлімі ашылған болатын.                                                                        Сол уақыттан бастап ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінде аталмыш бөлім бойынша көптеген іс-шаралар мен жобалалр жүзеге асырылды.

Бүгін,  «Діни оңалту» жұмысын одан әрі жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру үшін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Түзету мекемелерінде діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді механизмдері» атты облыстық семинар болып өтті. Семинарды "Әзірет Сұлтан" мешітінің азаншысы, РАНТ -ның мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев жүргізді.

 Облысымызға қарасты «Діни оңалту» бөлімінің мамандары бас қосқан жиында Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы, "Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ басшысы Төлегенов Дулат Рашидұлы құрметті қонақ болып, жиынға қатысты. Жиын барысында  облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – деструктивті діни ағымның арбауында кеткен азаматтарды оңалту, оларға діни кеңес беріп, түсіндірме, насихат жұмыстарын жүргізу. Бүгінгі жиын бөлімнің жұмысына жаңа серпін береді деген сенімдемін»,-деп атап өтті

Семинарда «Діни оңалту» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Нұртайұлы семинарға қатысушыларға түзету мекемелерінде жүргізілетін жұмыс түрлері мен діни оңалту бағыты бойынша биыл атқарылатын жұмыстарға шолу жасап, бұл бағыттағы жұмыстарды барынша жандандырып, назарда сақтау керектігі жеткізілді. Айта керейік, облысымызға қарасты діни ахуалы күрделі Жезқазған және Сатпаев қаласындағы "діни оңалту" бөліміне жауапты мамандар жиынға онлаин zoom платформасы арқылы қатысты. 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін