Абай ауданында ауыл имамдарына арналған жиын болып өттi

Бүгін Абай ауданына қарасты   Ішкі саясат бөлімінде аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысы Қ.Т.Әшкеев мырзаның жүргізуімен ауданға қарасты ауыл имамдарына арналған жиналыс болып өтті.  Жергілікті дін қызметкерлерінің  басын қосқан мекеме басшысы  дөңгелек үстел барысында имамдармен қоғамдағы түйткілді мәселелер жөнінде пікір алмасып, талыға салды. Сондай-ақ,  пандемия кезінде халықты сабырлық пен төзімділікке шақырып, жамағатқа  насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүзеге асырып, қоғам тыныштығын сақтауға үлес қосқан имамдарға үлкен алғысын білдірді. Жиын соңында,  мекеме басшысы Қ.Төлеуқадыр мырза екі имамға арнайы  алғыс хат табыстады. Атап айтқанда Топар кенті имамы Е.Аманжолов және Құлайғыр ауылы имамы С.Абдрахмановтың еңбегі еленді.  Жиынға қатысқан  барлық имамдарға Абай данамыздын кітаптары  үлестіріліп берілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін