Ардагер имамдардың еңбегі еленді (фото)

Қарағанды облысында ҚМДБ-ның жауапты һәм сауапты діни қызметін көп жылдан бері үздіксіз атқарып, еліміздің әр аймағында еңбек етіп, асыл дініміздің өркендеуіне жоғары деңгейде қызмет етіп келе жатқан ардагер имамдар баршылық. Қаншама жыл шәкірт дайындап, ұстаздық еткен дін қызметкерлерінің шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Бұл ерен еңбек. Осы ардагер имамдардың еңбегі еленіп, бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Мұқамедұали Сапарғалиұлына, Жоламан Әбілханұлына, Дархан Асылтайұлына, Бақдәулет Қыдырбайұлына, Мурсали Қаленұлына және Берік Алпысбайұлына Өзінің арнайы алғыс хатын табыстап, «Саялы» шипажайна екі күнге арналған сертификатты сыйлап, атқарылған жоғары қызмет үшін үлкен алғысын білдірді. Алдағы дін қызметкерлерінің қызмет барысына үлкен сәттілік, дендеріне саулық тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысыбойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін