Жезқазған: «Қолыңнан келсе қолқабыс бол!»

Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласында «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Омаров Нурперзент Еламанұлының ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе қолқабыс бол!» қайырымдылық акциясы жүзеге асты. Игі шарада қаһарлы қыста қаланы қалың қардан тазартып, мол сауапқа кенеліп жүрген тазалықшыларға ыстық ас үлестірілді.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп айтқан. Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін