«Төлеутай ата» мешітінде ақ жаулықты әжелер бас қосты (фото)

Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер ел бірлігінің ұйытқысы. Көненің көзіндей болған қазыналы қариялардың орны қазақта ерекше. Бүгін Октябрь ауданында жаңадан ашылған «Төлеутай ата» мешітінің бас имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы ақ жаулықты әжелердің басын қосып, берекелі дастархан жайып, игі іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында ізгі аналар Төлеутай бабамызға арнап Құран бағыштап, дұға тілек жасасты. Берекелі отырыс әсерлі уағыз-насихатпен жалғасып, сұрақ-жауаптармен өрбіді. Алдағы уақытта жаңа мешітте  жаңа жобалар мен шараларды жүзеге асыру жоспарға қойылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі     

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін