Қарағанды: бас имам дін қызметкерлеріне куәлік табыстады (фото)

Қазіргі заман білім мен жан-жақтылықты ерекше талап етеді. Себебі, ілім биік шыңға жетелер алып баспалдық. Осы орайда ҚМДБ-сы да  діни кадрлардың білімі мен қызметтік сапасына ерекше басымдық беріп отыр. Бүгін Қарағанды облысының бес дін қызметкеріне арнайы куәлік табысталды.  Құран Кәрім, фиқһ, ақида, ихтиляфи мәселелер,  мазхабтар тарихы пәндерінен арнайы бір айлық онлаин дәріс алып, білімдерін жетілдірген дін қызметкерлерге куәлікті ҚМДБ-ның Қарағанды облысыс бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстады.  Қарағанды облысында асыл дініміздің еркін құлаш жайып, дамуына ерекше үлес қосып, ерен еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге алғысын жеткізіп,  дұға жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін