Қарқаралы ауданында Абайдың 175-жылдығына орай Құран жарысы өтті

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің бір хадисінде былай деген: «Сендердің ең абзалдарың Құранды үйренгендерің және үйреткендерің». Әрбір мұсылман Құранды түп нұсқадан оқу парыз. Және бір хадисінде жүрегінде құраннан аяты болмаған адам қаңырап құлағалы тұрған үй секілді деген. Сол үшінде күллі мұсылман құранды үйреніп, түйсіне түсуі қажет.

ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» аясында   Қарағанды облысына қарасты, Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінде Абай бабамыздың 175-жылдық мерей-тойына орай Құран жарысы болып өтті. Игі шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының нұсқауымен жүзеге асты. Берекелі шараға облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей және ауданның облыстан келген жетекшісі, наиб имам Асылхан Нұртайұлы қатысып, төрелік етті.

Жарыс нәтижесінде 3-орынді Теректі ауылынан келген Дәуірбек Нұржан Нұрболұлы иеленді. 2-орын Қарағайлы ауылынан келген Рақымжан Темірлан Саматұлына бұйырды. 1-орын Бүркітті ауылының атынан қатысқан Қапият Заурет Қанатұлының қанжығасына байланды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мұсылман үмметіне «өзара жақсылықта жарысуларын» құп деп біліп үнемі жақсылықта жарысуларына жол көрсетіп бұйырып отырған. Бұл жарыстың да негізгі мақсаты жас шәкірттерді жігерлендіре отырып Құранға исламға деген ұмтылыстарын шыңдай түсу керек-ақ.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін