Теміртау: Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрметіне мәуліт оқылды

Теміртау: Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрметіне мәуліт оқылды
Мәуліт айы - екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) - ның дүниеге келген айы. Мәуліт айын мерекелеу арқылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелерін болашақ ұрпаққа насихаттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін түсіндіруде маңызы зор.
Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен, екі дүние сардары, Алла тағаланың адамзатқа жіберген ақырғы елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жарық дүниеге келген айы Рабиуль-ауал айының құрметіне арналып мәуліт оқылды.
 Рухани кеште облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Нұржігіт Оразалыұлы және Асылхан Нұртайұлы арнайы қатысып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Жергілікті мешіттің бас имамы Естай Айтуғанұлы Теміртау  қаласының тұрғындары мен жамағатын Мәуліт мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Бұдан кейін мәуліт оқылып, Алла елшісіне салауат жолданды
Қазіргі әлемдік пандемия жағдайына байланысты  игі дәстүрге айналған Мәуліт кеші онлайн режимде өтті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін