ТЕМІРТАУ: «Әйел – отбасының берекесі» атты семинар-тренинг болып өтті.

 Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары

.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен  «Әр аптаға бір шара» атты жоспарына сәйкес Теміртау орталық мешітінің және «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әйел – отбасының берекесі» атты семинар-тренинг болып өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі, «ӘНЕТ БАБА»  мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы семинардың ашылу сәтінде сөз сөйлеп, іс-шараның маңызы жайлы баяндап берді.
Сондай-ақ, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ершатқызы қатысты.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі ұлттық руханият екенін атап көрсеткен еді. Аталмыш семинар қоғамның ұйытқысы болған отбасы құндылықтарын насихаттап, жанұя жарасымы, әйел адамның отбасындағы өзіндік рөлі мен міндеті біртұтас қоғам құру ісі үшін де айрықша мәнге ие. Осындай ел руханияты үшін пайдалы іс-шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлына облыс өкіл имамы алғысын білдірді. 

Шара барысында семинар-тренингке келген қонақтарға берекелі дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылып,халқымыздың жас отбасыларға берген тәрбиесі, әйел затының отбасындағы орны мен маңызы жайлы баяндамалар оқылды. Сонымен бірге, семинар қатысушылары тарапынан қойылған отбасы мәселелеріне байланысты сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін