ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АБАЙ АУДАНЫНА АТ БАСЫН БҰРДЫ(ФОТО)

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қызметтік сапар бойынша Абай ауданына ат басын бұрды.  Аймақтағы мешіттің имамы Аманбол Рымқұлұлы  облыс бас имамына мешіттің тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. Ғимараттың ақпарат бұрышының уақытылы ауыстырылып тұруына, тазалық жұмыстарына, кіріс-шығыс құжаттарына және облыс тарапынан беріліп  жатқан тапсырмалардың орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізді.  ҚМДБ-ның отыз жылдығына орай «отыз жылда отыз игі іс шара» аясында Абай ауданында көптеген игі ісшаралар мен қайырымдылық шаралары да жүзеге асырылды. Аудан мешітінің тыныс-тіршілігінен хабар алып, бақылау-басқару жұмыстарын жүргізген облыс бас имамы аталмыш мешітке оң бағасын беріп қайтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін