Теміртауда рухани келісім күніне орай іс-шара болып өтті (фото)

«Теміртау индустриалды – технологиялық колледжі» КММ базасында жылдық тәрбие жоспарын іске асыруға сәйкес студенттер, колледж қызметкерлері Теміртау қаласының діни бірлестіктер өкілдерімен Рухани келісім күніне арналған онлайн – кездесу өтті. Онлайн-кездесуде Теміртау орталық мешітінің бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы, дінтанушы Олег Витальевич Синяков, ақпараттық – түсіндіру тобы Нұрлыбек Елеусізұлы Өтебаев сөз сөйледі. Діни бірлестіктердің өкілдері тиісті ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін