Облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды (фото)

18 қазан күні, барлық қазақстандықтардың жүректерінде жылылық ұялатып, мерейлі істерімен баянды болған ерекше мереке Рухани Келісім күні. Бірнеше жылдың ішінде, бұл мереке дәстүрге айналғаны анық. Мерекелік «Рухани келісім күніне» орай, бүгін Қарағандыда салтанатты шара өтті. Облыстық әкімдіктің басқарма басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі, діни бірлестіктер, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды. Еліміздегі рухани келісімнің тұрақтылығына үлесін қосқаны үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен наградталды. Арнайы мерекелік төсбелгіні облыс бас имамына  облыстық дін істері басқармасының басшысы Дулат Қанышұлы Халел мырза өз қолымен табыстап, ерен еңбегі үшін айрықша алғысын білдірді.

 Қасиетті Құ­ранда бірлік туралы бір­неше жерде баяндалып, көрсетіледі. Соң­ғы Пайғамбарымыз Мұ­хаммед (с.ғ.с) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділ­дік болуын көздейді. Адам­ды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істер­ден өзге осындай ұлы мұрат­тарды да нысана етуіміз керек.
Халықаралық Рухани келісім күні —  Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні».

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін