Қарағанды: «Әйел қыздар» секторы қарттар күніне мерекелік шара ұйымдастырды (фото)

ҚМДБ-ның «Әйел қыздар» секторының ұстаздарының ұйымдастыруымен Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде қарттар күні  құрметіне орай ақ жаулықты әжелерге, ардақты қарияларға   мерекелік дастархан жайылды.  Ұстаздар қажы аналарымызды құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Жанболат  Қошкелді Хатым Құран дұғасын бағыштап, ыстық тілегін жеткізді.  Мерекелік шара барысында   аналарымыздың әр қайсысына Пайғамбарымыз  (с.а.с) намазы атты және «Мұсылман қорғаны»  кітабы таратылып, қасиетті Зәмзәм суы үлестірілді. Берекелі дастарханда бас қосқан әжелер ұстаздарға үлкен алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын білдіріп гүл шоқтарын табыс етті. Мереке соңында аналардың тарапынан  ақ бата берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін