САТПАЕВ ҚАЛАСЫ: МЫҢ РАУШАНДЫ МЕШІТ (ФОТО)

Ислам – адамзат атаулысының жаны көркем, тәні тазалықта болуын кеңінен насихаттайды. Оның ішінде адамның айналасы, қоршаған ортаның тазалығы да назардан тыс қалмайды.  Кімде-кім өзін қоршаған сұлулықты  сақтай білсе, нағыз мұсылман  сол адам. Бұл ту­ралы Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис­терінде жан-жақты әрі сан мәрте айтылған. Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, апарат басшысы Хумар Қоныскерей бақылау-басқару жұмыстары бойынша Сәтпаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіне ат басын бұрды. Мешіттің бүгінгі тынысы-тіршілігімен танысты. Облыстан арнайы іс-сапармен келген қонақ аталмыш мешіттің ауласындағы көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар, аударып оң бағасын берді. Себебі, мешіттің айналасына  1000 дана раушан гүлі егілген. Мешіттің сәулеті мен сәні ерекше көгалдандырылған ауласымен жарасып-ақ тұр. Мешіт қызметкерлерінің айтуынша ғимараттың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру үшін қыруар жұмыс атқарылған.

Аталмыш мешіттегі тазалық және сенбілік жұмыстары кезек күттірмей  өткізіліп, ауласы  сыпырылып, егілген гүлдерге тұрақты түрде  ерекше күтім жасалып отырады.

 

Бұл мешітке құлшылық-ғибадатын жасауға келген әрбір жамағатқа Алла үйінің әсемдігі мен тазалығы жағымды әсер қалдырып, кейінгі өскелең ұрпақ үлгі-өнеге алуда.         

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін