ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ (ФОТО)

Қасиетті мухаррам айы және төл мерекеміз деп саналатын «Ата заң» күні қарсаңында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен «Әнет баба» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүзеге асты. Игі шара Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігі және Қарағанды қалалық «Әл Машани», «Балақажы», «Күнгей» мешіттерінің бірігіп, ат салысуымен жүзеге асты.              

Жаңа оқу жылының қарсаңына орай ұйымдастырылған игілікті шарада көптеген мұқтаж жандарға көмек берілді. Атап айтқанда, «Үміт» мүгедек жандар қоғамдық бірлестігіне, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ата-ананың қамқорлығынан ерте айрылған жетім балаларға, сондай-ақ, «Жусан» операциясы бойынша елге оралған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, 285 мұқтаж отбасыға, оның ішінде арнайы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларға оқуға қажетті заттар мен құрал-жабдықтар үлестіріліп, «мектепке жол» акциясы арқылы, 1-сынып оқушыларын мектепке дайындады.  Облыс бас имамының тапсырмасымен  жүзеге асқан берекелі шара тамыз айының 25-жұлдызынан бастау алып, жалпы облыс бойынша 515 баланы оқуға қамдады.                                                                                         Игі шара соңында мешітке  жиналған ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған Қарағанды облыстық «Зекет» қорының өкілі  Мұхит Джаримбетовке және  демеушілік көрсетіп, ізгі шараға бір ауыздан ат салысқан барлық қала мешіттеріне өз алғыстарын айтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі (фото)

.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін