БАС ИМАМ ҚАСАПХАНА МЕН ҚАСАПШЫЛАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАП ҚАЙТТЫ (ФОТО)

          Қасиетті Құрбан айт мейрамы күн санап жақындап келеді. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің барлық облыс өкілдіктеріне бірнеше тапсырмалар жүктеген болатын.                               Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа шаһарымыздағы қасапханаларға арнайы барып, Құрбан айт күні жүзеге асатын діни рәсімнің дайындығын пысықтады.  Барлық қасапшылар шариғат талаптарына сүйене отырып, Құрбан шалудың жөн-жоралғысын дұрыс атқаруға сақадай сай. Қасиетті рәсім қасапханаларда қазіргі еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай жүргізілетін болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін