Жаңаарқа ауданында жаңа құдық қолданысқа берілді(фото)

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының  30 жылдық мерей-тойына 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында жаңа құдық салынды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы мұндай сауапты әрі игі істі өңір жамағатымен атап өтіп, құдықты халықтың игілігіне пайдалануына салтанатты түрде табыстады. Аталмыш игі іс «Таза Су» мемлекеттің кәсіпорнының басшысы Ырысбеков Жәнібек Сайлаубекұлының  қолға алуымен және Жаңаарқа мешіті жамағатының демеушілігімен жүзеге асты. Осындай игі шараның жоғары деңгейде жүзеге асқанына аймақ тұрғындары өз алғыстарын білдіріп, өңір ақсақалы Шайхин Жарулла Сатан мырза батасын берді. Жаңа құдық шамамен 5000 адамды таза сумен қамтамасыз етеді. Яғни, күніне 1800 отбасы құдықтағы таза сумен тұтына алады. Алдағы уақытта 30 жылдық мерей  той аясында тағы көптеген игі іс шаралар жүзеге аспақшы.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін