«Жәйрем» мешіті: «Бұлақ көрсең көзін аш»

Биыл Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының құрылғанына отыз жыл толуына байланысты барлық өңірлерде түрлі іс-шаралар жүзеге асып келеді.             «Отыз жылда отыз іс-шара» тақырыбы аясында ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Жәйрем» мешіті де сауапты істі жүзеге асырудан құр қалмады. «Бұлақ көрсең көзін аш»,-деген ұлағатты сөз бар дана халқымызда.  Аталмыш мешіттің бас имамы Мурсали Қаленұлының бастамасымен өңірде жаңа бұлақтың көзі ашылды. Мұндай сауапты іске мешіт ұжымен мен аймақтың тұрғындары, жамағаты ат салысты.  Бұлақ басында бас қосқан жамағат құрбан шалып, Құран бағыштады. Бұлақтың етегінде берекелі дастархан жайылып, тай қазанда ас пісірілді. Алдағы уақытта «Отыз жылда отыз түрлі іс-шара» тақырыбы аясында тағы көптеген шараларды жүзеге асыру жоспарға алынған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін