Жаңадан тағайындаулар жасалды

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Нұра ауданында іс-сапармен болды. Бас имам аудан әкімі Аян Тиыштықұлының қабылдауында болып, жергілікті зиялы қауыммен кездесіп, жұртшылыққа жаңа имамды таныстырды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бұған дейін осы мешіттің ұстаздық қызметінде болған Бокаев Ерлан Серікұлы Нұра аудандық мешітінің имамы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы ауданның имамы болған Хумар Коникерейге әкімдік тарапынан алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Осы уақытқа дейін білімі мен тәжірибесін аудан көлемінде дін Исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері Қоникерей алдағы уақытта облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратын болды.

         Бас имам зиялы қауымды рамазан айының Қадір кешімен құттықтап, Астана медресесінің 2016 жылғы түлегі Ерлан Серікұлының жаңа қызметіне табыс тіледі. Облыс орталығынан шалғайдағы аймақта ұзақ жылдар имам болған Коникерей имамның жұмысын жергілікті жұртшылық жоғары бағалады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін