Мақтаралға материалдық көмек жеткізілді

Осыдан бірер уақыт бұрын Қарағанды облысынан Мақтарал жұртшылығына жолданған қайырымдылық керуені жолға шыққан болатын. Оңтүстіктің осындай сындарлы сәтінде қолдау танытып "Зекет" корпоративтік қоры, "Жастар ісі" секторы, қала мешіттері мен "Газель қауымдастығы" ұйымдастырған гуманитарлық көмек діттеген жеріне жеткізілді. Бес жарым тоннадан аса киім-кешектер, гигиеналық заттар, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар тиісті орынға табысталып, жергілікті тұрғындарға Арқа елінің ықыласты сәлемі жолданды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін