Ардагерлер ардақталды

Ұлы даланы от шарпыған ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына уақыттың өтуімен биыл 75 жыл толды. Бұл мерзім бізге көп  уақыт болып көрінгенімен, толарсақтан қан кешкен жаужүрек жауынгерлеріміздің қайсарлықтары бүгінге дейін көпшіліктің есінде. Сүйіншілеп жеткен Жеңіс сөзі оңайлықпен келген жоқ. Сұрапыл соғыстың зардабын мыңдаған қала, милиондаған адамзат көрді. Осындай ерліктермен пара пар тыл ардагерлері де өзіндік құрметке лайық. Осы орайда мереке күндері «Әл-Машани» мешітінің наиб имамдары Оралбай Ермахан, Бейбіт Жансарин қаламыздағы ардагерлердің отбасыларына барып, айтулы мерекемен құттықтап, рамазан айының құрметіне қаржылай сый сияпаттарын жасады. Ақиқат пен аңызды бастан өткерген абыз жандармен сұхбаттасып, ақ баталарын алған дін қызметкерлері қариялардың отбасыларында майданда қаза болған боздақтарға Құран бағыштады.

           Ия, ардагерлер - басты байлығымыз, бейбіт күніміздің куәгерлері.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін