Миғраж кешінде хатым оқылып, Бас имам елге береке тіледі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының еліміздегі төтенше жағдайға байланысты имам-молдаларды үздіксіз Құран хатым оқуға үндеуін басшылыққа алған Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала имамдарымен бірлесіп оқылған хатым Құранның дұғасын бағыштады. Ережеп айының қасиетті «Миғраж» кешінен бастап 45 минуттан түні бойы кезектесіп Қарағанды қалалық мешіттерінің жиырма үш имамы оқыған Құран Кәрім «Миғраж» түнінің таңында аяқталды. Құран Кәрім облыстық «Әнет баба» мешітінде түні бойына оқылды. Хатым батасын жасаған Бас имам: «Жаратушы иеміз! Еліміз бен жерімізге тыныштық, халқымызға ауызбіршілік пен ынтымақ бере гөр. Дерті бар жандарға шипаңды нәсіп ет. Ел жұртымызды табиғи апаттар мен ауру кеселден сақтап, сынақтардың дәрежесіне сай жеңілдік бере гөр. Осы оқылған Құранды еліміз бен жерімізге берекетімен дарытып, келешегімізді кемел, болашағымызды жарқын ете гөр!» деп дұға тіледі. Алла қабыл етсін.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін