Семинар сабақтары басталды

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде үш күндік семинарды бастады. Фиқһ ілімі, ақида сенімі, ҚМДБ-да қабылданған құжаттардың қағидалары бағытында өтетін семинарға облысқа қарасты қала, ауданнан алпысқа жуық дін қызметкерлері қатысуда. Серпінді семинарға келген имамдарға бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы басқосудың мақсатын түсіндіріп өтті. Семинар барысында мұсылман өміріне қажетті құндылықтар мен діни қызметкердің бойында болуы тиіс сипаттар, діни рәсімдер тізіліміндегі тараулар, пәтуа мен үкімдер жиынтығы қамтылады.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін