РАНТ мүшесі "Әнет баба" мешітінде жамағатпен жүздесті

Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, Сарыағаш медресе колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде мұсылман қауыммен кездесіп, ақпараттық насихат және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы құптан намазына жиылған жамағат алдында мұсылман өміріндегі маңызды құндылықтар турасында кіріспе сөз айтып, елімізге белгілі діни тұлғаның аймаққа іссапарының мақсатын жеткізді. Абдуғаппар Сманов кеш барысында бүгінгі таңдағы мұсылман бейнесі мен адамзат жаратылысына қажетті қағидаларды қамтып, бірлік пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбіт өмірдің қоғам өміріндегі орнын аят хадиспен көркем түрде насихаттады. Рухани жеті қазықтың маңызын сөз етті. Құлшылық пен тіршіліктің үйлесімін, дін мен діл дәнекерлігін жамағат бойына сіңірді. Жиналған қауым көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауап алды.

         Осы күні дінтанушы Абдуғаппар ұстаз қала іргесіндегі Сұрыптау  мешітінде жұма насихатын жүргізіп, жерігілікті халықпен мәдениет үйінде кездесу өткізді.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін