Бас имам халықаралық жеңімпазды құттықтады

Қарағанды облысының бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы әлемдік және халықаралық белдесулерде оқ бойы озық жүрген Қарағандылық азамат, мешітіміздің жас жамағаты Қыдырбаев Әсет Бектұрсынұлын қабылдады. «Тәні саудың — жаны сау» деген бабалар сөзінен қуат алып, "Джиу-джитсу" күресінен Халықаралық дәрежедегі турнирдан алтын жүлде, Европа чемпионатында қола жүлде иемденіп, тәуелсіз Отанымыздың көк туын желбіретіп жүрген жас буынды жеткен жетістіктері үшін  мұсылман қауымы атынан құттықтады.

         Бас имам: - "Ислам діні адамзатты қуатты да айбынды болуы үшін, салауатты өмір салтына назар аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед   осыған қатысты: «Қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген. Мұсылман адам заман ағымынан ешуақытта тыс қалуы тиіс емес, керісінше адамгершілікте, білімге құштарлықта, жетістіктерде  алдыңғы қатардан көрінуі ләзім.

         Алла тағала сіздің бойыңыздағы ерекше талантты, мінсіз шеберлікті, еңбекқорлық пен  төзімділікті баянды етіп, биік белестерге жетелесін",- деп ізгі тілегін білдіріп, қазақтың дәстүрі бойынша жүлде көрімдігі мен ақ  батасын берді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін