Мешіт - имандылық пен қайырымдылық мекені

Бүгінгі таңда мешіт жанында діни сауат ашу курсында білім алуға ниет еткендердің жас шамасы алуан түрлі және олардың саны күн санап артуда. Сондай ізгі істердің қатарында Шахан кенті, "Салкен молда" мешітінде бекітілген оқу жоспарына сәйкес өткізілетін Құран әліппесі мен имандылық ишараттары, әдеп және дұға сабақтары жас буынның діни білім алып қана қоймай, тәрбие мен әдептілікті бойына сіңіріп шығуына септігін тигізіп отыр. Мешіт имамы Амирханов Сырымның алдында діни сауатын ашып жүрген шәкірттер Құранды түпнұсқада оқып жүр. Имамның ұстаздық етуімен 1 күнде Құранды 3 парақтан жүзінен оқып, 1 жылда аяқтап шықты. Шәкірттер арасында 2 пара және 1,5 жарым пара жаттағандар бар. Негізі жас буынның мешіт жанынан дәріс алып, діни дүниетанымын арттыруы жат ағымның арбауына кетпеуге ықпалы зор. Имамдардан имани иммунитет қалыптастырған адам теріс идеологияға именбей қарсы тұра алады.  Сонымен қатар, мешітте сауапты іс-шаралар да өз кезегінде тұрақты жасалып келеді. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 12 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Имандылық пен қайырымдылық ошағы болған мешіттеріміз халықтың игілігіне алдағы уақытта да жүйелі жұмыс атқармақ.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін