Бас имам қала мешіттерінде жиын өткізді

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала мешіттерін аралап, мешіт ақсақалдары мен молдаларының басын қосып келелі жиын өткізді. Басқосудың басты мақсаты молдалық қызметті және жерлеу рәсімдеріндегі жоралғыларды бірізділікке бағыттап, оның орындалу барысын жүйелі атқаруды ұсыну болды. Сонымен қатар, аталмыш жиынға қалалық мешіт бас имамдары қатысты. Жиын барысында бас имам діни рәсімдер мен жөн-жоралғыларды жүзеге асырудағы молдалық қызметтің  маңызы мен жауапкершілігін түсіндірді. Дінімізді көркем түрде насихаттау, діни лауазымдар тізілімі мен міндеттері, тазалық ұстану, діни сауаттылық секілді молдаларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы назарға алынды. Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсынан тұрақты сабақ алу тапсырылды.  «Рухани жеті қазық» қағидаларын басшылыққа ала отырып, халық арасында көркем насихаттар айту және халық арасында туындап қалған талас тартысты мәселеде мешіт имамдарының пәтуаларына сүйену қажеттігі де ескерілді.  Ел ішіндегі діни рәсімдерге қатысты «Діни рәсімдерді бірізділікке келтіру» кітапшасы мың данамен шығарылып, халық арасында тегін тарату және түсіндірме жүргізу жолға қойылды. Молдалар тарапынан көкейкесті мәселелерге қатысты ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, ортақ мәміле жасалды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін