Мәуліт айына арналған рухани кеш Саран мешітінде жалғасты

Адамзаттың абзалы, Алла елшісі, екі дүние сәруары болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)   туылған мәуліт айының құрметіне мешіттерімізде рухани кештер ұйымдастырылып, оған ұстаздар мен мешіт шәкірттері, жамағаттар қатыстырылуда. Пайғамбардың (с.ғ.с.) сипаты туралы: وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ

«Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік», – дейді. "Әйел-қыздар секторы" ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде және Саран қалалық мешітінде өткізілген Мәуліт кешінде Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі, ғибратты ғұмыры мен оның көркем мінезінен үлгі алу, сондай-ақ, Мәуліт мерекесін тойлаудың артықшылығы мен Пайғамбарды сүюдің, оның хақ жолымен жүрудің маңызы жайында насихаттар айтылды. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)    сағынышпен салауаттар айтылып, жиналған қауымға арнайы даярланған "Мәуліт мүбарак  болсын" деген құттықтау қаптамасымен жасалған конфеттер таратылды. Осы іс-шаралар барысында Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдер мен аналарға қатысты айтқан хадистері де уағыздалып, орнықты отбасының берекеті жайында сұхбаттармен жалғасты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін