Әйел-қыздар секторында тағылымды басқосу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің "Әйел-қыздар секторы" бойынша тағылымды іс-шара өткізілді. Басқосу аясында елордамыздан Дін істері басқармасының ықпал етуімен исламтанушы Шәмшат Әділбаева әйел, қыздарға қатысты насихаттар айтып,  жастармен сұхбат өткізді. Діни дүниетанымның қоғам өмірінде алатын орны мен әйелдерге қатысты діни құндылықтар жайында насихат айтылды. Тағылымды шара барысында асыл дінімізге дақ түсіретін адастырушы жат ағымдар жайлы ақпарат берілді. Дін насихатының пәрменділігін арттыруға бағытталған шаралардың аймағымызда әлеуетін арттыру мақсатында өткен шара барысында әйелдер қауымына қатысты көптеген жайттар қамтылды. Осы негізде қалалық "Әл-Машани" мешітінде өткізілген дәрістерге жастармен бірге қажы апалар да қатысты. Жыл басынан бері осындай діни сауаттылықты арттыратын ізгі шараларда мешіт ұстаздары белсенділік танытып келеді.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін