Мешіт салуға атсалысу - сауапты іс

Алланың ризалығына жетелейтін жол Ислам шариғатында жатыр. Соның бірі – имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан: "Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері."– дейді. Мешіттің қабырғасынан  діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәлім мен тәрбие ордасы. «Мешіт» сөзінің қазақ тіліндегі қолданысы мен мағынасында мешіт - «сәжде», «құлшылық жасайтын орын» деген ұғымдарды  білдіреді. Шариғи тұрғыдан алсақ, «Алла Тағалаға иман келтірген мұсылмандар намаз оқып, құлшылық жасайтын қасиетті мекен» деген ұғымға саяды. Сондай-ақ мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені. Оның сыртында, мешіт табалдырығын аттаған жан қадамына сауап жазылады.  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі. Алланың алдында қадірімізді арттыратын мешіт ғимараттарын салу және оның қатарын арттыру сауапты іс. Осы орайда, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақтағы салынып жатқан мешіт құрылыстарының жүргізілу барысымен танысып қайтты. Бүгінде Нұр-Сұлтан күре жолының бойында 700 орынды мешіт, Пришахтинск елді мекенінде 500 орынды, Сұрыптау кентінде 700 орынды мешіттер құрылысы жүргізілілуде.  Қажетті аймақтарға салынып жатқан мешіттер құрылысының жұмысы қанағаттанарлық. Дегенмен, игілікті  жұмыстардың бұдан да қарқынды жүргізілуі үшін жан-жақты қолдау қажет. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.

1.  Қарағанды қаласы, Нурсултан-Караганды тас жолы, 108 есептік орам, 148 жер телімі мекен-жайы бойынша мешіт құрылысы туралы ақпарат!

2019 жылдың наурыз айында басталған мешіт құрылысы 700 аса адам сыйымдылығына арналған екі қабатты мешіт.

Мешіт ғимаратының жалпы аумағы 700 шаршы метрден асады. Оның ішінде ер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазханалары мен дәретханалары қарастылылған. Сонымен бірге, имам бөлмесі және діни тәлім алатын сыныптар қарастырылған.  

Бастап салушы: Мухтаров Куантай Амангельдинович. 8 702 055 55 59

Қолдау көрсету үшін келесі реквезиттер арқылы көмек беруге болады:

 

Реквизиттер:

Kaspi Gold: 5169 4931 8740 5231

Счет: KZ46551M129010907KZT

ИИН: 750 526 350 537

 

2. Қарағанды қаласы, Методическая көшесі, 1/3 бойынша мешіт құрылысы туралы ақпарат!

2019 жылдың мамыр айында басталған мешіт құрылысы 500 аса адам сыйымдылығына арналған екі қабатты мешіт.

Мешіт ғимаратының жалпы аумағы 800 шаршы метрден асады. Оның ішінде ер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазханалары мен дәретханалары қарастылылған. Сонымен бірге, имам бөлмесі және діни тәлім алатын сыныптар қарастырылған.

Құрылыстың ұйымдастырушы: «ASYL IRGE» Қоғамдық қоры.

 

Қолдау көрсету үшін келесі реквезиттер арқылы көмек беруге болады:

 

Реквизиты:

ОФ "ASYL IRGE"

Адрес: г.Караганда,

Шахтеров проспект, 10

БИН(ИИН) 130940010372

Банк АО «Kaspi Bank»

ИИК KZ78722S000001752489

КБе 18

БИК CASPKZKA

E-mail: asylirge@gmail.com  

 

Канат, 8702 430 4917

Ельнар, 8701 622 4050

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін