Салауат айтудың сауабы насихатталды

Мәуліт айының келуі қарсаңында Жезқазған орталық "Ахмет ишан Оразайұлы" атындағы орталық мешітте жүзге жуық жамағат бас қосқан берекелі отырыс болып өтті. Бас имам Тағаев Нұрбол жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті ту еткен басқосуда жамағатқа ас ұйымдастырып, мәуліт айының тарихы мен Алла елшісіне с.ғ.с салауат айтудың маңызы турасында насихат айтты. «Бірлік бар жер берекелі» дейді халық даналығы. ҚМДБ-сы тарапынан бекітілген РАНТ мүшесі, бас имам Нұрбол Тағаев осы аймақтағы діни істерді дамытумен қатар, өзге де өзекті жайттарды өрістетуді жоспарлы түрде жолға қойған.  Діни тұрақтылық -  дұрыс жолмен дамудың негізгі кілті. Дін - адамдар дүниетанымы мен тұғырлы талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етіп қана қоймай, адамның жан дүниесін иман нұрымен нұрландырып, көркем мінез бен сабырды серік етуге жетелейтін бірден-бір  сара жол.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін