Қарағанды өңірінде жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында заманауи үлгімен салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді. Имандылық пен ізігілікке шақыратын Алла үйінің үйінің құрылысын жеке кәсіпкер Ибрагимов Нұржан өз демеушілігімен жүргізді. 700 орынды мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы, "Әбу Ханифа" медресе колледжінің директоры Құлмұханбет Махамбет, аудан әкімі Әбеуов Салтанат, қала және аудан имамдары қатысты.  Өкіл имам жиналған бұқара халықты мешіттің ашылуымен құттықтап, мешіт салудың сауабы мен имандылық иірімдері турасында насихат айтты. Құрметті қонақтар да кезегімен сөз алып, өңіріміздегі рухани жетістіктерге ризашылығын білдіріп, игі тілектерін жеткізді. Мешіттер адамзатты ізгілік пен рухани тұтастыққа бағыттайтын орын. Тұғырлы тәуелсіздік пен тұрақтылық арқасында елімізде мешіттер саны артып келеді. Арқа елінен жаңадан ашылған мешіт "Ақсораң" аудандық мешіті деп аталатын болды.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін