Семинарда сындарлы мәселелер оқытылды

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде қалалық мешіттердің имамдары мен ұстаздарына арналған "Дін қызметкерлері арасында діни қатынастар және діни экстремизмге қарсы  іс-қимыл саласындағы, заңнама нормаларын, жұмыспен қамту, жеке ісін ашу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша оқыту" семинары өтті. Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда белгілі исламтанушы Phd докторы, Еуразия Ұлттық университеті кафедрасының оқытушысы Оқан Сәмет "Шетелдік теологиялық университеттерде жастардың білім алуы (келешегі мен зияны)" "Ислам және қоғамдағы жастардың орны", "Жастардың бойына теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыра білу", "Радикалды ағымдардың жастарды тарту тәсілдері" тақырыптарында дәрістер оқыды. Ел болашағы жастардың арасында зайырлық пен діни түсінікті жан-жақты дәріптеу жайында мол мағлұмат берілді. Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Жанболат Ахуанұлы "Ғибадат үйлерін салу мен құжаттарын рәсімдеу" турасында кеңестерін айтып, құжат мәселесінде мұқият болудың жайттарымен бөлісті. Мемлекетіміздің қолдауы барысында халықты жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту аясы кеңейіп жатыр. Асыл дініміз де адал еңбек пен таза табысты болуды меңзейді. Осы орайда "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының" бас маманы Нүркен Мейрамұлы және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мұрат Мейрамұлы дін қызметкерлеріне тың мәліметтер берді. Халқымыз да "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деп ұрпақты еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа баулыған. Діни түсінікті көкжиегі кең көзқараспен қалыптастыру мен жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған шарадан соң қатысушыларға сертификат табысталды.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызмет

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін