Өкіл имам өңір имамдарының сараптауға дайындығын пысықтады

Қарағанды өңіріне қарасты қала, аудан бас имамдары Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде бас қосты. Облыстың өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы  имамдардың аймақтағы атқарып жатқан іс-шаралар барысына талдау жасап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағыттаған міндеттемелеріне тоқталды. Дін насихатының пәрменділігі мен мұсылман арасындағы тұрақтылық, сауаттылықты жетілдіру ісі, жат ағымдар мен қайырымдылық шараларының өз деңгейінде орындалу мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, қыркүйек айында өтетін діни қызметкерлерге арналған сараптау комиссиясына дайындық барысы талқыланды. Салмақты сараптау барысында мешіт имамдары мен тіркеу құжаттарының толық болуы, ҚМБД-ның қойылған талаптарына жауапкершілікпен қарау міндеттелді. Өзге де өзекті мәселелер қарастырылған жиында өкіл имам өңірдің діни ахуалының жүйелі атқарылуына басымдық берді.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін