Құрбан айтқа қатысты насихат жұмыстары жүргізілді

Мұсылман қауымының екі мейрамының бірі ұлық құрбан айтының қарсаңында өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бағыты бойынша дайындық іс-шаралары басталып кетті. Құрбан айтының мәні мен маңызы, құрбан шалуға қатысты шарттар мен сауалдар топтамасы жинақталған шағын кітапша мыңдаған данамен шығарылып жұма күні халыққа тегін таратылды. Мешітке келген жамағат пен қауымға құрбан шалуға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мешіт қызметкерлері құрбан айт күндеріндегі ауқымды іс-шаралардың өз деңгейінде өткізілуі мен халықтың сұранысына сай жан-жақты қызмет көрсету барысы жайында жоспар жасады. Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы жергілікті телеарна тілшілерін қабылдап, құрбан айтының қасиеттері мен құрбандық шалудың шарттары жайында толық мағлұмат берді. Құрбан айттың ерекшеліктеріне қатысты шығарылған кітапшалар қала мешіттеріне де үлестірілді.        

                                                                 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі  

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін