Қарағандыда ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның директорының қатысуымен «Халал өнім-денсаулықтың кепілі» атты семинар өтті (фото)

 Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарасты «Халал Даму» ЖШС мен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде «Халал өнім-денсаулықтың кепілі» атты семинар өтті.
Семинарға ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның  директоры Ануар Ізімбайұлы Елжанов мырза, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша «Халал»  бөлімінің өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы және облысқа қарасты қала, аудан, ауыл имам - молдалары қатысты.

Ануар Ізімбайұлы  өзі басқарып отырған Халал стандарттау бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерін баяндап өтті. Сонымен қатар, адал өндірістің қоғамға тигізер пайдасы жайында маңызды мағлұмат берді. харам ас жеудің зияндылығы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін