Қарағандыда «Күмәнді қоспаларды қалай анықтаймыз?» атты семинар – тренинг болып өтті (фото)

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен  ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның  технолог маманы Белтаева Жаннат және сарапшы маманы Айжан Омаровамен әйелдер жамағаты арасында кездесу болып өтті.

Семинар – тренинг «Күмәнді қоспаларды қалай анықтаймыз?» деген тақырыпта болды. Жиында облыстық мешіт шәкірттері мен әйел жамағаты халал мен харам өнімдері жайында құнды ақпараттар мен деректерге куә болды. Сонымен қатар, әртүрлі тауар өнімдеріне байланысты туындаған сұрақтарға жауап алды. Пайдасы мен берері мол семинар тренинг мамыр айында да өткізілген болатын. Алдағы уақытта, тағы бірнеше кездесулерді ұйымдастыру жоспарланды. Кездесу соңында жиынға қатысушы әйелдер жамағаты ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның  технолог мамандарына өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін