Мектеп оқушылары облыстық «Әнет баба» мешітін зиярат етті (фото)

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында  №81 мектеп оқушылары  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітін зиярат етті. Отызға жуық жас шәкірттерге мешіт ғимаратын облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы, "Жастар ісі" секторының Қарағанды облысы бойынша өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы таныстырды. Бұдан бөлек балаларға намаз оқу, дәрет алу, азан шақыру сияқты құлшылықтар түсіндіріліп, жеткіншектерге пайдасы мол  насихат айтылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін