Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде дін қызметкерлері арасында семинар тренинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу болып өтті (фото)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде наурыз айының 9-14 күндері аралығында облысқа қарасты  ауылдық округтерінің имамдарына арналған семинар тренинг өткізілді. Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат имамадардың алдағы аттестаттауға дайындығы, сондай-ақ дін қызметшілерінің жұмыс сапасын жақсарту, өзекті мәселелерді талдау және деструктивті ағымдармен күрес жұмыстарын дамыту мақсатында біліктілікті арттыру мәселелері талқыға салынды.

Семинар түрлі тақырыптарды қамтыды.  Атап айтқанда, дін ілімінің негіздері, неке және отбасы, дін қызметкерлерінің халықпен, жамағатпен тығыз байланыс орнатып, ақпара жұмыстарын жүргізу, сондай ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасыға жәрдем көрсету тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар, 13 наурызда ауылдық діни қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент басшысы Жандос Сәрсеновпен және Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастардың проблемаларын зерттеу және талдау орталығының басшысы Сектай Жанболат Ахуанұлымен кездестіКездесу барысында имамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына көмегі өте жоғары екенін және әр түрлі қызмет салаларының құрылымдарымен бірлесе отырып, діни қызметшілер осы мәселені жою үшін айтарлықтай ықпал ете алатынын атап өтті. Өз кезегінде  Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа сыбайлыс жемқорлыққа қатысты толық түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін Жандос Сәрсеновке алғыс айтып, Ислам дініндегі парақорлықтың қаншалықты ауыр күнә екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жемқорлық арқылы табылған мал мүлікті пайдалануға Ислам дінінде қатаң тиым салынғандығын және көптеген хадистерде оның жазасы ауыр болатындығы айтылғанын жеткізді.

Ұлы Жаратушы Алла Тағала қасиетті Құрани Кәрімде: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты.» («аль-Маида» сүресі, 2-аят)

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін