Қарағандыда әйелдер жамағаты арасында рухани шара болып өтті (фото)

Қарағандыда «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруыменен «Изюм» мейрамханасында  қыз- келіншектердің басын қосқан рухани кездесу болып өтті.  Айтулы шараға аймағымыздың ұстаздары, тұрақты әйелдер жамағаты, шәкірттер қатысты.  Түрлі өзекті тақырыптар  қозғалып, әртүрлі сұрақтарға ұстаздар тарапынан жауаптар берілді. Сондай-ақ, викториналық ойындар ойнатылды. Ақ жаулықты аналар мен нәзік жандылар бас қосқан рухани шарада  ақ дстархан жайылып, Құран оқылып, бата берілді.  Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат асыл дініміздің әйелдер арасында кең етек жайып, оларды ислам дініміздің білім нәрімен сусындауына, жан-жанқты дамуына үлкен қолдау көрсету, демеу беру. Алдағы уақытта да осындай мақсатта тағы бірнеше шараны жүзеге асыру жоспарға алынып отыр.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін