ТҮРКІСТАНДАҒЫ КЕҢСЕГЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы Кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды. Жаңа басшыны ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» орталық мешітінде көпшілік жамағатқа таныстырды.

Кеңсе басшысы болып наиб мүфти, ғалым-ұстаз Алау Әділбаев тағайындалды. Бас мүфти жаңа басшының алдағы уақыттарда атқаратын жұмысына сәттілік тіледі. Еліміздегі діннің өркендеуіне қосар үлестерінің көп болуы үшін дұға етті.

Намаз соңында еліміздің тыныштығы, Елбасымыздың амандығы, дініміздің көркеюі үшін дұға етті.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін