БАС МҮФТИ ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Павлодар облысына жасаған іс-сапары барысында  Екібастұз қалалық мешітінде болды.

Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Отарбаев Бауыржан Бас мүфтиге мешіттің тыныс-тіршілігімен, Алла үйінде атқарылып жатқан игі шаралармен таныстырды.

Мешіттің төменгі қабатында жаңадан ашылған ерлер намазханасымен,  мешіт ауласындағы сауат ашу курсына арналған ғимарат құрылысымен танысқан Бас мүфти қысқа мерзім ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы оң пікірін білдірді.

Кездесуден кейін ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы жергілікті дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.  

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін