ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ БАС МҮФТИ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

 Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Серікбайй қажы Ораз хазреттің атынан жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді. Ауызашарда Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза келген жамағатқа құттықтау сөзін сөйлеп, уағыз насихат айтып, Бас мүфтидің ыстыық сәлемін жеткізді. Қасиетті түні жайылған ауызашар дастарханында БАҚ өкілдері, зиялы қауым, ақын - жазушылар, спортшылар және қаламыздың белгілі азаматтары шақырылды.Ауызашар соңында қари Құран оқып, жамағат ел мен жердің амандығын тілеп дұға жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін