ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қоры жамағатқа «Ислам және Отбасы құндылықтары» атты кітап таратты

ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі әрі Қарағанды  облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит мырза Бесін намазын өткізіп, жамағатқа уағыз - насихат айтты. Естеріңізге сала кетсек, ҚМДБ - ның төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз мырза биылғы жылды «Ислам және отбасы»  жылы деп бекіткен болатын. Осыған орай, Алла үйіне жиналған мұсылман қауымға уағыз соңынан «Ислам және Отбасы құндылықтары» атты кітап «Зекет» қорының атынан тегін таратылды. Аталмыш кітапта ислами отбасының қыр - сыры мен маңызы баяндалған. Сондай - ақ, ер мен әйелдің арасындағы өзара түсінісу мен сыйластығы түсіндірілген.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін