Қарағандыда «Нұрлы мінбер-2017» имамдар арсындағы іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұрлы мінбер-2017» атты  имамдар арасындағы іріктеу сайысы өткізілді.

Айтулы үлкен шараға Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдарының арасында сегіз қатысушы іріктеліп, сайысқа белсенді  қатысты.

Аталмыш сайыс республикалық деңгейде өткізілетін «Нұрлы мінбер-2017» сайысына іріктеу болып табылады.

Сайысқа келген барлық қатысушы жан-жақты қырларын танытып, бір-бірінен кем түспей, білім деңгейлерінің жоғары көрсеткіште екендігін көрсете білді.

Білім мықтылары жиналған сайыста барлығынан оза шауып, өзінің білім деңгейімен үздік деп танылған Әбдіғали  Естай  бірінші орынды иеленіп, 50 000  теңгені қанжығасына байлап қайтты. Жүлделі екінші орын Нығыман Жандос 30 000 теңгемен марапатталған болса, 20 000 теңге қаржылай сыйлыққа иеленген үшінші орын Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы  Қуаныш Есмағамбетовке бұйырды.

Жоғары деңгейде откен шара көрермен қауымның көңілінен шығып, үлкен қошеметке ие болды. Алдағы уақытта аталмыш шараның республикалық деңгейде өтуін жазғай!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін