Қарағанды облыстық орталық мешіт ұжымы арулар мерекесіне арнап дастархан жайды (фото)

Қарағанды облыстық орталық мешітінде асыл дініміз Исламды насихат етіп,  қызмет етіп жүрген нәзік жандылар да жетерлік. Осыған орай Көктемнің алғашқы айтулы мерекесі 8- наурыз әйелдер, арулар күніне арнап  Қарағанды облыстық орталық мешіт ұжымы мерекелік дастархан жайды. Өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожа  мешіттің нәзік жанды аруларына  өзінің ізгі тілегі мен құттықтау сөзін жеткізді. 

Батыр да, дана да, ойшыл мен ғалым да анадан туылады. Әлемге сұлулық беріп тұрған бірден-бір жан ол- ана. Барша мақтау  мен алғыс айтсаң да анаға аздық етеді. Себебі, әйел адамның қоғамдағы, өмірдегі алар орны ерекше. Бүгінгі ару - ертенгі келін, болашақ ана, көркем әже болмақ. Барша нәзік жандыларымызды көктемнің алғашқы мерекесі,  әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін