«Тәуелсіздік тарихы-жаңа мемлекеттің құрылуының жетістігі» атты семинар өтті( фото)

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде халыққа Үндеу жариялаған болатын. Сондай-ақ, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын арнағаны баршаңызға белгілі.

Осыған орай, «Тәуелсіздік тарихы-жаңа мемлекеттің құрылуының жетістігі» тақрыбында семинар өткізілді. Аталмыш семинар Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткізілді. Қазақстан Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген семинарда аталмыш кафедраның аға оқытушысы, «Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» бойынша Кеңес төрағасының орынбасары кіріспе сөз бастады.

Семинарда Қарағанды облысының орталық мешітінің жастар ісі бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысып, «Діни экстремизімнің алдын-алу мемлекеттің ертеңгі тыныштығы» тақрыбында  жастарға дәріс жүргізді.

Сондай-ақ, семинардың құрметті қонақтары ретінде ҚарМУ-нің саясаттану ғылымының кандидаты, доцент Көшербаев Дастан Бақытбекович, «Намус» облыстық азербайжан мәдени орталығының жетекшісі Рзаев Гюлага Векил-оглы, «Ихлас» татар-башқұрт облыстық қоғамдық мәден  орталығының жетекшісі Керейбаев Анвар Бикмухаметович, «Таджик диаспорасының» жетекшісі Норматов Шакарбек Саьдуллаевич  қатысып,  аталмыш мәселе бойынша баяндамалар жүргізіп, дәрістер оқылды.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін