Теміртау орталық мешітінде «Аялы алақан» атты жәрмеңке өткізілді (фото)

Теміртау қалалық орталық мешітінде ҚМДБ Қарағанды өкілдігі бойынша Әйелдер қыздар секторының жетекшісі  Бакирова Арай Серғалиқызы  жане  Сарань, Теміртау қалалық мешіттерінің  жамағатының ұйымдастыруымен «Аялы Алақан»  атты  қайырымдылық жәрменкесі ұйымдастырды. Жәрмеңкеде төмен бағамен ұсынылған қолдан жасалған дәмді тоқаштар, бәліштер, ыстық тағамдар сондай-ақ,  діни кітаптар  көпшіліктің назарына ұсынылды. Қайырымдылық акциясында  жиналған қаражатты әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетімдер үйіне үлестіріліп берілмек. Алдағы уақытта  мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету мақсатында тағы да бірнеше іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін