ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ  ЕСЕБІ  ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Қарағанды облыстық орталық мешітінде облыс имамдарының қатысуымен төралқа жиналысы болып өтті. Жиналысты Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастап, облыс көлеміндегі мешіттердің 2016 жылғы атқарған іс-шаралары жайлы есепті қорытындылады. Төралқа жиналысында ҚМДБ тарапынан белгіленген төрт бағыт бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар сарапқа салынып, жіберілген қате-кемшіліктерге бас имам тарапынан ауызша ескертулер де берілді. Жиналыс барысында жат ағымдармен жұмысты әрі қарай күшейту, облыс көлеміндегі халал өнімдерін өндіретін орындарды толықтай құжаттандыру,  жастар ісі бөлімінің кездесулер санын арттыру, дәстүрлі дінімізді мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік орындарда көбірек насихаттау сынды жұмыстарын қолға алып, тапсырмалар берілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін