ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ(ФОТО)

ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық имамдармен дін қызметкерлерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ-ның қызметкерлерінің этикасы» және «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беруді 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы» «ҚМДБ қызметін 2020 жылға дейінгі дамыту тұғырнамасы» қатарлы  құжаттардан сынақтан өткізу тапсырылған болатын. Осы мақсатта ҚМДБ-ның Қарағанды облысы көлеміндегі имамдар Қарағанды қаласындағы облыстық орталық мешітінде емтихан тапсырды.

Сынақ төрағасы, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің өкілі Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлерінің біліктілігі мен білімін сараптаудан өткізді. Өңірге қарасты барлық мешіттердің имамдары мен молдалары, ұстаздары мен азаншылары Құран, шариғат, ақида, фиқһ ілімдері мен қатар діни басқарма бекіткен имамның этикасы, дін мен дәстүр сабақтастығы секілді сұрақтарға жауап берді. Сынаққа жалпы 127 діни қызметкер қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Сынақ соңында сараптама комиссиясының төрағасы, ҚМДБ ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің өкілі Алтынбек Ұтысханұлы: «Имам-молдаларға қойылатын талап жыл сайын биіктеуде. Имамдарымыз бен барша дін  қызметкерлеріміз жан-жақты білімді болуы шарт. Олар Құран мен шариғат, ақида, фиқһтан тыс ҚМДБ бекіткен құжаттарды жеттік меңгеріп, сондағы талаптарға сай болуы тиіс. Білімділік пен біліктілік арқылы еліміздің бейбітшілігі мен ынтымағына үлес қосып, болашаққа терең із қалдыруымыз қажет» деп атап өтті.

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін